Жәди Шәкенұлы. Алаш рухты ақын

ӘДЕБИЕТ
1253

Қытай қазақ жазба әдебиетінің не­гі­­зін салушылардың бірі, әйгілі ақын Таң­жарық Жолды­ұлының (1903-1947) туу, өсу жолы Алаш кезеңімен тұспа- тұс келді. Оның он жасқа шыққан жылы:
Жолды әкем еді бас қалқам,
Жиылмай қапты-ау дастарқан.
Қас қаққанша болғаны-ай,
Аузы-басы тас-талқан, – деп өлең шы­ғарғанын ескерсек, Алаш рухы қанат қақ­­қан­ 1917-1918 жылдар Таңжарықтың боз­балалықты борандатқан дер шағы еді.

1916-1917 жылдардың алды-артын­да­ғы әртүрлі оқиғалар көптеген талантты тұлғаның ше­кара асуына себеп болды. Қуғын-сүр­гін­ көрген ұлт зиялылары арғы бетке Абай өлеңдерін де таратты. Абайдың 1909 жылы шыққан кітабының көшірме қол­­жаз­басы қолдан-қолға тарады. Сол жыл­дар Әсет Найманбайұлы (1867-1923), Жүсіпбекқожа Шайхысламұлы (1857-1937) сынды әйгілі тұлғалардың қытай жеріне өтуі, 1928-1931 жылдар кезе­­ңін­де­гі Зият Шәкәрімұлы секілді қуғын-сүр­гінге ұшыраушылардың қытай­ға қа­­шып­ баруы екі ел арасындағы әдеби-­ мә­дени байланыстарға мұрындық бо­лып,­ Шыңжаң қазақ әдебиетінің қа­лып­­­­­та­­суына игі ықпал жасады.

Абай өлеңдері және Алаш тұлға­ла­­­рымен жарыса жеткен М.Жұмабаев, М.Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы, С.То­рай­­ғы­ров, Ш.Құдайбердіұлы, І.Жансү­­гіров, С.Сей­фуллин, т.б. шығарма­лары шетел қаза­ғына кеңінен танылды.

Әсет сынды ірі ақынның Іле же­­­рін­дегі қызай­лар арасына баруы Таң­жа­рық­­ үшін де­ үлкен мектеп болғанында еш шүбә жоқ.­

Айталық, Әсеттің Алтайға барғанда ту­­­­ған «Алтай» өлеңінде мынадай жол­дар­­ бар:­

Алтайды Абақ керей

жатқан жайлап,

Сапырып сары қымыз, бие байлап.

Тасы – алтын, тауы – күміс,

кеудесі гүл,

Ел екен жер сарасын алған таңдап.

Таулары жасыл желек орман екен,

Аң мен мал арасына толған екен.

Сулары сүйек сорпа секілденіп,

Жұтсаң күш қосатындай

 бойға бөтен...

Өлең өлкесіне өршелене құлаш сермеген бозбала Таңжарық ауыздан- ауызға тараған Абай, Әсет өлеңдерін жатқа айтып, өз бойына ақындық шабыт жиып отырған. Оның «Іле сипаты» өлеңінде мынадай жолдар бар:

Байқасаң Іле жердің ортасындай,

Егерде дене болса қолқасындай.

Тауы – алтын, тасы – күміс,

ағашы – жез,

Сулары еркек қойдың сорпасындай...

Осы жолдарға қарап отырып Таң­жа­­р­ықтың Әсетті ұстаз тұтқаны аңға­ры­лады.

Таңжарықтың өмір дерегінен қара­ған­да, әйгілі Қарқара жәрмеңкесі өткен жер­ мен ақынның туып-өскен Күнес, Текес өңірі жер жағдайы жағынан тым­ жақын. Сондықтан да сауданың ғана­ емес, мәдениеттің алтын көпіріне ай­нал­ған­ жәрмеңкенің Таңжарыққа оң әсе­рі болғаны да анық.

Ақын 1923 жылдың қаңтарында Же­­тісу өңіріне қашып келіп, Алматыға де­йін жетіп, Әлихан, Міржақып, Ах­мет,­­ Мағжандар сынды алашшыл ақын­­­дар­­дың шығармаларымен те­рең­дей танысады. Ұлт мұраты хақын­да­ғы­ ортақ идеясын жетілдіреді. 1924 жыл­дың­ 15 сәуірінде Түркістан Респуб­­­лика­сы­ның экономикалық кеңесі Қар­қара жәр­меңкесін қайта құру туралы­ қау­лы­ шы­ғарып, қайта ашылған жәрмеңкені Таң­жарық Жолдыұлы жырға қосады:

Қарқарада жәрмеңке-жаздай

базар,

Қайда барсаң базарға ауған назар.

Аттан түспей сауда

алып Албан атаң,

Қызайыма қызық көп айта барар.

«Әділ баға, бір-ақ сөз,

түспей-ақ қой,

Даяр болсын қоржының

затты салар.

Жәрмеңкеден қайтқан ел,

кешкі жазық,

Шымды тұяқ жол жасап

кеткен қазып.

Сабаласып, жарысып ахау-игай,

Әттең-ай, мен соларды

кетсем жазып.

Немесе асау тұлпар ала қашып, – деген жыр жолдары ақын сапарының ақжолтай лебізі болып кейінге қалды.

Демек, Жетісу өңірінде өткен кез кел­­ген дүлдүлдің тұяқ ізі Қарқарада өз таңбасын қалдырып отырды.

Қарқара жәрмеңкесін және жалпы Жетісу жерін Ілияс Жансүгіров:

Қарқара қалың қазақ кебесіндей,

Албанның албырт – ерке енесіндей.

Қарағай қапталдағы, жыныс арша,

Қадырлы малдың құтты келесіндей.

Текестің көкке өрлеген тік қиясы,

Сымпиып сол маңайдың төресіндей.

Мыңжылқы мыжырая

жантайысқан,

Өзгесі жүгініскен төрешідей.

Былшықай, Бесжырғалаң,

                                 Түптің түрі

Қатықтың жаланбаған

тегешіндей.

Қарқара – жарасымды

                              жазық жайлау,

Үй – күлше, құрттың

жайған өресіндей.

Алыстан ауыл әрпін абайласаң,

Сүйекті баймөңкенің шегесіндей.

Сүті ағып сорғалаған Үшқарқара,

Қорғасын қорып төстен келетіндей, – деп суреттейді.

Бұл арада айқын көрініс тауып тұр­ғаны Таңжарық Жолдыұлы мен Ілияс Жансүгіровтің рухани үндестігі. Мүм­кін­ Қарқара сынды ірі жәрмеңкеде Таң­жа­рықтың Ілиясты көруі, сырттай болса да құмартып, еліктеуі бек мүмкін. Таң­жа­рық пен Қойдымның айтысы да осы жыл­дардың жемісі.

Таңжарық Жолдыұлы Қарқара, Жеті­су­ өңірінен еркін сусындап, қанаты же­тіл­ген қырандай самғай ұшып, үш-төрт жыл­да туған жеріне қайтады. Жай ғана қайт­пайды, том-том кітаптар мен Алаш рухын арқалап қайтады. Ақынның осыдан кейінгі жазылған өлеңдерінің дені:

Оян, қазақ, көзіңді аш,

көтер басты,

Қараңғыда өткізбей бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап,

хал һарам боп,

Қазағым енді жату жарамасты, – деген Міржақып сынды Алаш үнімен ана­ғұрлым сабақтасады. Отызыншы жыл­дардың басындағы Шыңжаңдағы аз жылы­мық ұлт зиялыларының тынысын кеңітіп, ел үшін еңбек етуіне жол ашып еді. Осы тұста Таңжарық жаңа­дан шыға бастаған «Іле газетінің» тұң­ғыш редакторы­ болды. Құлжа қала­сын­дағы ұлттық театр­дың негізін қалап,­ оның алғашқы шымылдығын Бейім­бет­ Майлиннің «Шұға» атты пьесасы­мен­ ашты. Газет бетінде «Оқып көр газе­тім­ді», «Осы таң – кімнің таңы?», «Мыс қазан»,­ тағы басқа өлеңдерін жариялады.

Қалың ел, қазақ, енді аш көзіңді,

Оқып көр газетіңді – өз сөзіңді.

Ашады ашты шайдай аң сезімді.

Айнадай жарқыратып көрсетеді,

Мін бар ма, қолыңа алып көр өзіңді... («Оқып көр газетімді»).

Осы таң кімнің таңы

– жетім таңы,

Күн кешкен күңдікпенен

жесір таңы.

Теңдікке қолы жетпей күңіреніп,

Қорлықпен өтіп кеткен есіл таңы.

аңы атпай, айы батып,

түнек кешкен,

Қатарға ғаріп-қасер келсін тағы.

Көзіңді аш, езілген ел, таң сенікі,

Айырып дос пен қасты жете таны («Осы таң – кімнің таңы?»), – деген өлең жолдары Алаш үні болып көпке жетті.

Осылайша, Таңжарық арғы бет ас­қан­ Алаш рухының жампозына айнал­ды.­ Тағдыр оған дәл осы бір қиын­ жолды әдейі телігендей оның өмір­ жолы да Алаш зиялыларыныкіндей қиын-қыстау, қуғын-сүргінге толы болды.

Шыңжаңдық билеуші Шың Шысай қазақ­­тарды жаппай тұтқындай баста­ған­­да 1940 жылы Таңжарықты да ұстап, түр­меге жапты. 1944 жылы түрмеден бо­сап, 1945 жылы қайтадан ұсталды. Аяу­сыз жәбірлеуге, жан төзгісіз қинауға ұшы­рады. 1946 жылы гоминдаң үкіметі мен үш аймақ үкіметі арасындағы келі­сімшартқа орай түрмеден босаса­ да, денсаулығына ілінген ақаулығы асқы­­нып, 1947 жылы маусымда қасі­рет­­пен көз жұмды. Шыңжаң халық бас­па­­сынан ілгерінді-кейінді болып, «Түрме халы» (1981 жыл), «Назгүл» (1982), Орталық ұлттар баспасы­нан­ «Анар-Сәуле» (1982), Іле газеті баспа­сынан «Шын тілек» (1994) кітап­тары жарық көрді. Кейіннен бар­лық­ шығармасы топтастырылып, «Таң­да­малы шығармаларының» 1-2 томы 1985 жылы, 3-томы 1995 жылы басылып шық­ты. Қазақстанда 1974 жылы, 1992 жылы­, 2003 жылы ақын еңбегі арнайы­ кітап болып жарық көрді.

Түрмедегі адамдардың қасіретті тағ­ды­­ры туралы Таңжарық Жолдыұлы:

Қорлықпен қор боп өлді нелер сері,

Адамды күйдіретін осы жері.

Жем болды қарға-құзғын,

ит пен құсқа,

Елімнің амал бар ма, есіл ері.

Қылығы міне, осы, бізге қылған,

Қосылып қалың қайғы

күнде тыңнан.

Түрмеде тоғыз жылда өлген адам,

Асыпты орта есеппен

алпыс мыңнан...

Бәрі өлді Үрімжінің қаласында,

Қырық пен қырық үштің арасында.

Қорлықпен сол боздақтар

 кетті арманда,

Балаңның қалды бұл кек баласына! – деп жазса, енді бірде:

Бәрі қан Үрімжінің айналасы,

Ескі там, ұңғыл-шұңғыл сай-саласы.

Ішегін ит сүйретіп өлген жанның,

Құс шоқып, домаланып

жатыр басы.

Халықтың соның бірі адал ұлы –

Мисалы Шәріпхандай жұрт ағасы.

Келе қалсаң Үрімжі қаласына,

Көзіңді сал қалтарыс саласына.

Өле-өлгенше кәпірден кегімді ал деп,

Тапсырып кет балаңның баласына,

– деп, тырнақтың көбесіне ине сұ­ғып,­ үрпіне ши жүгіртіп қинаумен өлген­дерді көзінен қан ағыза жырлады.

Ақынның осындай зар илеп, запы­ран құс­­қан ащы жырлары Үрімжі түр­ме­сінің ішін­ ғана күңірентіп қалмастан, ауыз­дан­-ауызға таралып, төңіректің төрт бұры­шы­­на тарап жатты. Сонау қиырдағы Алтай­ өлкесі де ақынның есім-сойына ерте­­ қанық болды.

Айталық, Таңжарық түрмеде Ақыт Үлім­­жіұлы, Шәріпхан Көгедаев сынды көр­­­некті тұлғалармен де тас босағада кез­­­дейсоқ тіл айқастырады. Үрімжі түр­­­ме­­сінде Шәріпханды көріп қалады да:

– Ассалаумағалейкум,

мен Таңжарық,

Таныдым Шақаң ғой деп

сізді аңғарып.

 Алтайдың алып қыран ақиығы,

Түстің бе,

құрған торға сіз де алданып?

Жақтамай жатпас елі адал ұлын,

 Атағы айбар болған жырлап халық.

Айтармыз ерлігіңді, серлігіңді,

Кетпесе көз жұмылып,

тіл байланып.

Бәйтерек көлеңкелі шынар едің,

Өсіп ең тақыр дала тасты жарып,

Жауыздың тамырына

балта шапқан,

Түсерміз сары ізіне жарық алып.

Бұлақтай мөлдір едің

қайнап шыққан,

Қалайша бітіспекпіз іштей қанып.

Бұл жалған,

жалған дейді сол рас па? –

Бермесең өзің шешіп, біле алмадық.

Ағады қашан тұнып Ертіс, Іле,

Бұл күнде әбден болды лайланып..., – деген жыр жолдарын шұбырта жө­не­­л­еді.

Ақынның түрмедегі өмірі хақында аңыз-әпсаналар тіпті көп. Алаш зия­лы­­ла­ры туралы айтқанда, түрмеге кір­ген ізі бар, шыққан ізі жоқ. Олардың түр­ме­де­гі ащы өмірі хақында жазылған қалам із­дері жоқтың қасы. Ал Таңжарық ақын­­ның кейінге қалған түрме жырлары­ тұ­тас­ әде­биетімізде өзгеше орны бар, ке­сек,­­ тағ­дырлы туындылар.

1920 жылы Алашорда автономиясы құлағаннан кейін суан елінің Мұқа болысы қуғынға ұшырап, Қытайға өтіп, Сүлеймен ақалақшыны паналайды. Кейіннен сондағы суандар мен шерулерге болыс болады. Сталиндік зұлматты көшіріп қолданған Шың Шысай Сүлеймен ақалақшы, Мұқа болыс сынды адамдарды жаппай тұтқындап түрмеге тығады. Таңжарық Жолдыұлы Мұқа болыспен Үрімжі түрмесінде бірге болыпты. 1945 жылдың жазында сол түрмеде Мұқа қайтыс болады дейді. Сонда Таңжарық Мұқа болыстың басын сүйеп отырып, мынадай өлеңмен:

Бар Мұқа, иманды бол, арыстаным,

Келмеске көзімізден алыстадың,

Қызығын екі дүниенің бірдей көріп,

Шықпады естіместей

дыбыстарың.

 Бар Мұқа, иманды бол,

қасқырым-ай,

Бір кезде жүруші едің асқынып-ай.

Отырған Көкдалада шеру-суан,

Келді екен не зобалаң

бастығыңа-ай...,

– деп, зарлы жоқтауын айтқан екен.­­ 

Зият Шәкәрімұлы Үрімжі түр­ме­­­­­­­­­­­сінде жазыпты делінетін жырдан қалған бір үзікте:

 Жатырмыз Үрімжінің түрмесінде,

Өңкей қу екі елден бірлесуде.

Ақылды азаматтар тұтқын болып,

Азапты, аянышты күн кешуде.

Орнымнан зорға тұрдым сыз

өтіп бір,

Тайсалмай Таңжарық та жыр

етіп жүр.

Мәскеудің қаруланған

тыңшысын-ай,

Орыстың әскерлері күзетіп тұр..., – деген жолдар кездеседі.

Т.Жолдыұлының қиын-қыстау, тас­ бо­са­ға, тар есіктегі өмірінің өзі Алаш­ зия­­лы­­­ларының ащы тағдырымен та­мыр­­­­­­ла­сып­ жатты.

Абақтының азапты, жан төзгісіз шын­­­ды­ғы Таңжарық ақынның қала­мы­­нан қағыс­ қалмады. Тұтастай қара­ғанда, желі­­лес өлеңдері арқылы «Абақ­ты»­ ата­ла­­тын аса ірі поэманы дүниеге әке­л­ді.

Көрнекті әдебиетші, ғалым Тұрсын­бек­ Кәкі­шұлының: «Таңжарықты бас­­тан­-аяқ түгел оқыған адам оның қазақ­ поэзиясына құйып жатқан ұлы арна­лардың бірі екеніне еш шүбә кел­ті­р­мейді. Таңжарық түрме туралы­ жырларында тек өз қасіретін ғана айтып қой­май, өзімен тағдыр-талайы бір Ахмет пен Міржақыптың, Мағжан мен Ілиястың, Сәкен мен Бейімбеттің де сыртқа шығара алмай кеткен кекті­ ашуын­ қоса жырлағандай әсер қал­ды­ра­ды», деуі­ тегін емес. Профес­сор Зұфар Сейіт­жанов та «Шыңжаң қазақ әдебиеті» атты монографиясында: «Абақты» – аймақ әдебиетін қойып, бүкіл қазақ әдебиетінде түрме туралы жа­зылған алғашқы көлемді шығарма», деген жо­ға­ры­ бағасын айтты.

Қазақ оқырмандарына Таңжарықты, оның қамау-қапаста жазылған жырларын алғаш жеткізген адам – қазақтың халық жазушысы Сәбит Мұқанов. Ол 1956 жылы Қытай еліне іссапармен барғанда Бұқара Тышқанбаевтан Таңжарық тура­лы мәліметтер алады. Бұл туралы «Алыптың адымдары» кітабында (1959) баяндайды.

1993 жылы Таңжарық ақынның 90 жыл­дық тойы Жетісу өлкесінде дүркіреп өтті.­ Осы тойда Зейнолла Қабдолов Таң­жарық туралы тебірене толқып баян­да­ма жасады: «Ақын лирика, толғау, мысал өлеңдер, дастан, өлең роман, қисса, айтыс өлеңдерден халқына отыз мың жолдай мұра қалдырған. Осы туын­ды­лары арқылы ол Абайдың, Ахмет, Шәкәрім, Міржақып, Мағжандардың Қытайдағы қазақ бауырлар арасынан­ көк­те­ген рухани жалғасы, салалы бұтағы екендігін танытты. Қытайдағы қазақ­тардың жазба әдебиетінің негізін қала­сып, көш бастаған аймүйіз серкесі бол­ды. Әлеуметтік, қоғамдық, өзге де өне­гелі жұмыстарының нәтижесінде олардың бүгінгі дамыған баспасөзінің, оқу-ағартуының да негізін қаласты. Таңжарық ақын, қоғам қайраткері ғана емес, әнші, композитор, халықтың сал-серілік дәстүрін жалғастырушы», деп тол­ғанды ғалым.

Қорыта келгенде, Таңжарық Жол­ды­­­­­ұлы­­­ арғы бет асқан Алаш рухы­ның­ сол елде өмір сүрген тірі бейнесі болды. Алаш­­тың айта алмаған ақтық зар­ы оның аузы­нан ақ жалын болып­ бұрқырады. Қазақ­ әдебиетінде ешкім­ге ұқсамайтын тағ­­дыр, ешкімге ұқса­май­тын қолтаңба оның қаламы арқылы мәң­гілікке таңба­лан­ды. Бүгінгі буын Таңжарық сынды­ өт­кен­дер рухына тәу еткенде ғана тәуел­сіз­ елдің, тәуелсіз әде­биеттің қадір-қасие­­тін тіпті де терең түсінеді. 

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ

egemen.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...