Жамбыл Жабаевтың қырғыз тіліне аударылған шығармаларының тұсаукесері өтеді

ӘДЕБИЕТ
2211

2021 жылдың 30 тамыз күні Бішкек қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына және Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнайы ғылыми конференция өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Халықаралық Түркі академиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Манас және Ш. Айтманов ұлттық академиясында өтетін алқалы басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Иманалиев Қайрат, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев, Қырғыз Республикасы Манас және Ш.Айтматов  ұлттық академиясы президенті Топчубек Тургуналиев, Қырғыз Республикасының Ұлттық жазушылар одағының төрағасы Нұрланбек Калыбеков, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, сонымен бірге бірқатар қазақ-қырғыз зиялы қауымының өкілдері қатысады.

Конференция барысында Жамбылдың қырғыз тіліне аударылған таңдамалы шығармалары («Жамбыл Жабаев. Тандалган чыгармалар») көпшілік назарына ұсынылмақ. Құнды еңбекті қырғыз тіліне белгілі әдебиеттанушылар – Керимбек Кадыракунов пен Түгөлбай Казаков тәржімалаған.

madeniportal.kz

author

Жамбыл Жабаев

АЙТЫСКЕР

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...