«Қорқыт атаның даналық сөздері» атты кітап үш тілде шықты

РУХАНИЯТ
2932

Қызылорда облысында «Қорқыт атаның даналық сөздері» атты кітап оқырман қауымға жол тартты. Бұл туынды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

Аталмыш игілікті іс Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. 

Кітап Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Оны орталық қызметкері, белгілі түркітанушы, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Қосан құрастырып шықты. Кітап үш мың таралыммен оқырман қолына жол тартты. 

Жоба авторы қазақ тіліндегі нұсқасы профессор Б. Ысқақовтың аудармасы негізінде әзірленгенін айтады. Оған аздаған түзетулер енгізілген. Ал орыс тіліндегі мәтініне 1965 жылы «Книга моего деда Коркута» деген атаумен жарық көрген академик В.В.Бартольдтің аудармасы негіз болған. Ағылшын тіліндегі нұсқасы Ұлттық аударма бюросы мамандарының көмегімен дайындалған. Ғалымның айтуынша, кітап мәтіні Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақталған материалдар негізінде және 1999 жылы жарық көрген «Қорқыт ата энциклопедиясында» жарық көрген нұсқалар негізінде дайындалған. 

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы жыл соңына дейін аймақтағы сакральды мұралар жайлы кітап пен Сыр сүлейі Тұрмағамбеттің бұрын еш жерде жарияланбаған жырларынан жинақ шығаруды жоспарлап отыр.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...