Бұрынғы Әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Фото интернеттен

Жаңалықтар
701

Сот бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды madeniportal.kz Астана қалалық сот әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Экс-министрдің қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешім 15 мамырда қабылданған.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2024 жылғы 15 мамырда күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз», делінген елордалық соттың хабарламасында. 

Осылайша Бекетаев кемінде тағы бір ай қамауда болады. Еске салайық, бұрынғы министр 2023 жылдың қазан айында ұсталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Марат Бекетаев талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген.

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдар аралығында Әділет министрі қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. Ол бұл қызметтен 2022 жылдың желтоқсанында босатылды, бірақ бұл туралы тек 2023 жылдың ақпанында белгілі болды.

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...