Павлодарда кеме капитаны суға батып кетті

Фото: Константин Шелков

ЖАҢАЛЫҚТАР
5088

Павлодар облысы Аққулы ауданында кеме капитаны суға батып кетті. Оны іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап madeniportal.kz.  

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен. 

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр. 

Бүгін сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...