Еден жуушылар да еңбегі еленбей келгеніне наразы

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Аймақтар
443

Қонаевтағы қарттар үйінің қызметкерлері еңбекақысын толық ала алмай жүр. Яғни, олардың еңбекақысы кем түседі, – деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

"Шарапат" әлеуметтік орталығының қызметкерлері жалақы мәселесіне шағымданды. Айлығын ай соңына әзер жеткізіп жүрген жұмысшылар басшылық тарапынан әділетсіздік болып жатқанын жасырмады. Олардың сөзінше, ай сайын жалақы кем түседі. 

"Бір айда көбірек түседі, келесі айда орташа түседі. Ай сайын ауысып отырады", – деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Гүлзат Шайбаева.

Жұмысшылар басшылыққа базынасын айтса, "орныңды босат" дейтін көрінеді. Ал көнбістің күнін кешіп, күнелтуге шама жоқ.

"Штат бойынша 136 қызметкер бар, қазір олардың саны – 121. Ал жалақысын толық алмаған жұмысшы бар. Жалақы берілетін мерзім – айдың соңы", – деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Есенхан Сұлтанов.

– Бағдарламадағы ақауға байланысты 10 шақты жұмысшыға айлық толық түспеген. Бірақ маған ешкім шағым айтпады, – деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бас есепшісі Асан Бекмұратов.

Мекеме басшылығы мәселені техникалық ақауға жапты. "Бағдарламаны жөндейтін маман келсе, айлық та толық төленеді" деп уәде берді.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...