Бұрынғы Президенттің қызы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1082

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Иннің қызы — Мун Да-хе алаяқтық ісі бойынша тергеуге алынды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZYonhapNews агенттігіне сілтеме жасап.

Сеул қаласындағы Содэмун ауданы полициясының мәліметінше, ол 2022 жылдың желтоқсанында қайырымдылық аукционын ұйымдастырып, түскен қаражатты коммерциялық емес ұйымға аударатынын уәде еткен. Алайда, полицияның айтуынша, бұл қаражат уәде етілген мекемеге аударылмаған. Мун Да-хе шамамен 30 суретшінің еңбектерін жинап, солардың туындыларын аукционда сатқан.

Қазіргі уақытта Мун Да-хе күдікті ретінде ұсталды.

2024 жылдың қазан айында ресми шағым түсіп, осыдан кейін тергеу басталған. Полиция Мун Да-хенің және аукцион жеңімпаздарының банк шоттарын тексеріп жатыр.

Бұған дейін, 2025 жылғы 17 сәуірде, ол мас күйінде көлік жүргізіп, тұрғын үйді Airbnb платформасы арқылы заңсыз жалға бергені үшін 15 миллион вон (шамамен 10 800 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлеген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығының амфитеатрында әскерге шақырылғандарды салтанатты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аптап ыстықтың салдарынан Манитоба мен Онтарио провинцияларында орман өрті басталды, деп хабарлайды&...