Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі қамауға алынды

Фото: Yonhap

Әлем
2168

Оңтүстік Кореяның прокуратурасы бұған дейін ел президенті Юн Сок Ёлға әскери жағдай енгізуді ұсынған бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хенді қамауға алды, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Йонхап агенттігінің хабарлауынша, экс-шенеунік мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған.

"Прокурорлар жексенбі күні бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хенді президент Юн Сок Ёлдың әскери жағдай жариялауынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен тергеу барысында қамауға алды", - делінген хабарламада.

Ким Ён Хён бұған дейін елде жақында жарияланған соғыс жағдайы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, отставкаға кететінін мәлімдеген. Өз мәлімдемесінде қорғаныс министрі туындаған елдегі жағдайға өкініш білдіріп, барлық әскери әрекеттер оның басшылығымен өткенін растады.

Айта кетейік, бір күн бұрын Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл видео үндеу жасап, елде әскери жағдай енгізілгені үшін кешірім сұраған.

Шоу-бизнес

Әнші Еркеш Хасенмен көңіл жарастырған актриса Жанель Серғазина әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіл...

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...