Әзербайжанда 37 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлады MadeniPortal.kz....
Газ жарылып, әкесі мен 2 қызы опат болды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Пәкістанның Сарг ауылында газ баллоны жарылып, бір отбасының үш мүшесі көз жұмды. Қайғылы оқиға салдарынан әкесі мен оның екі қызы қаза тапқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға туралы ақпарат 13 қазанда жарияланған.
Алдын ала тараған мәліметке сәйкес, ауылдағы газ баллонының жарылуы адам өліміне әкелген. Қайғылы жағдай бір отбасының үш мүшесінің өмірін қиған.
Пәкістанның Dawn басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға Атток округінің Пиндигхеб аймағындағы Сарг ауылында 11 қазанда болған.
Қаза тапқандар – 45 жастағы Хафиз Фахар Заман және оның 17 жастағы Анса Шехзади мен 15 жастағы Хафза Биби есімді қыздары.
Жарылыстан 35 жастағы Шабана Биби ауыр жарақат алған. Ол алдымен жергілікті ауруханаға жеткізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты Равалпинди қаласындағы Holy Family ауруханасына ауыстырылған.