Ғибадатханада зиярат ету кезінде жеті адам қаза тапты (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

Әлем
419

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Бихар штатында Ашок Дхам ғибадатханасының маңында діни іс-шара барысында кем дегенде жеті адам көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. Оқиға индуизм табынушысы Шиваның құрметіне дұға етіп, сумен ғұрыптық шомылу рәсімін жасау үшін ғибадатханаға 50 мыңға жуық зияратшы жиналған кезде болған.

Жергілікті полиция бастығы орынбасарының айтуынша, кептеліске электр жеткізу желісі бағанасының адамдардың үстіне құлауы себеп болған.

Жеті адам көз жұмып, ондаған адам зардап шекті. Олардың кейбіреулері ауыр жағдайда.