Түркиядағы зілзала. Қаза тапқандар саны өсуде

ЖАҢАЛЫҚТАР
2834

Түркияның вице-президенті Фуат Октайдың мәліметінше, елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкіністері 24,6 мыңнан астам адамның өмірін жалмады

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 24 617 адамға дейін жеткен. Октай салынған ғимараттардың құлауына себеп болды деген күдікпен 113 адамға қатысты қамауға алу ордері шыққанын, ал тағы бір адам қамауға алынғанын айтты. 

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі болғанын еске сала кетейік. Бұл Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, 1939 жылдан бергі ең күшті жер жеркінісі болды. Сол күні 7,6 балдық тағы бір жер сілкінісі болды. 

Жүздеген жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер елдің 10 провинциясында және көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...