Шағын СараптамаБірінші, ШУАР-да карантин шектеулері алынды, барыс-келіс қалпына келді, жол ашылды. Б...
Қырғыздар Олимпиадаға қатысқан спортшыларына естен кетпес сый жасады
kaktus.media
Париж Олимпиадасына қатысқан қырғыз елінің спортшылары еліне оралды. Оларды жанкүйерлер әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алды. Ел үкіметі Олимпиадаға қатысқан барлық спортшыға автокөлік мінгізді, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kzке сілтеме жасай отырып
Франциядағы додаға Қырғызстан құрамасы сапында 16 спортшы аттанған болатын. Оның 6-ы жүлделі орыннан көрінді. Осылайша қырғыз спортшылары Олимпиада ойындарында иеленген жүлде саны бойынша рекорд жасады. 2 күміс, 4 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 68-орыннан көрінді.
Әйелдер күресінен Мейірім Жұманазарова мен боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы күміс жүлдегер атанды. Грек-рим күресінен Ақжол Махмұдов, Жоламан Шәршенбеков, Үзір Жүсіпбеков және әйелдер күресінен Айсұлу Тыныбекова қола жүлдеге ие болды. Мейірім Жұманазарова, Ақжол Махмұдов пен Айсұлу Тыныбекова екінші рет Олимпиада ойындарында жүлдегер болды.
kaktus.media
Қырғызстан үкіметі Олимпиадада күміс жүлде алған спортшыға 10 млн сом ақша мен көлік тарту етті. Ал қола жүлдегерлерге 7 млн сом мен темір тұлпар сыйлады. Сондай-ақ бесінші орын алған Айпері Медетқызы (әйелдер күресі), Айаал Лазарев, Бекзат Алмазұлы (еркін күрес), Амантұр Исмаилов (грек-рим күресі) 1 млн сом мен көлік иеленді. Іріктеу кезеңдерінде есе жіберген 6 спортшыға 500 мың сом мен көлік берілді.