Шри-Ланкада піл туристер бар автобусқа шабуыл жасады (ВИДЕО)

ашық дереккөздерден

Әлем
868

Шри-Ланкада туристік сапар қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: ресейліктер отырған автобусқа салмағы үш тонна болатын цейлон пілі шабуыл жасаған. Оқиға ұлттық парктердің бірінде болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz SHOT-қа сілтеме жасап.

Бала-шағасымен келген отбасы және олардың достары қорық ішінде серуендеу үшін көлік жалдаған. Жолдың бір бөлігінде олардың жолын піл бөгеп тастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол туристерден тәтті-тамақ дәмету үшін жолға жиі шығады екен. Ресейлік әйел алып жануарды жеміс беріп тыныштандырмақ болған, бірақ жануар одан сайын ашуланған: не берілген ас ұнамаған, не мөлшері аз көрінген болуы мүмкін. Піл автобусты шайқап, салонның есігін жұлып алып, көлікті аударып жібере жаздаған. Туристер дүрлігіп, алып жануардан қашып құтылу үшін көліктен жалаңаяқ жүгіріп шыққан.

Бірнеше минуттан кейін жынданған жануар сабасына түсіп, туристер сапарын жалғастырған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Жұлынып қалған есікті олар қайтар жолда алып кеткен.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...