Украинадағы соғыс елестете алғанымыздан да ұзақ болуы мүмкін – Германия канцлері

Сурет: Youtube/Friedrich Merz

Әлем
885

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы «бәріміз елестете алатыннан да ұзаққа созылуы мүмкін». Бұл туралы Германия канцлері Фридрих Мерц мәлімдеді, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай қорытындыға неміс канцлері Мәскеуден оқ атуды тоқтату жөніндегі әрекеттердің нәтижесіз аяқталғанын ескере отырып келген.

«Анық байқағанымыз – Путин келіссөздерге қатысты кез келген ұсынысты әлсіздік деп қабылдайды. Тіпті Ватиканда кездесуге қатысты бастама Ресей басшылығы тарапынан қолдау таппаса, біз бұл соғыс бәріміз қалайтынымыздан да, елестете алатынымыздан да ұзаққа созылатынына көнуімізге тура келеді», – деді Мерц WDR телерадиокомпаниясы ұйымдастырған форумда.

Сол форумда Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Еуроодақты Ресеймен тікелей диалог бастауға шақырды. Оның айтуынша, Ресеймен, Венгриямен және Словакиямен тікелей байланыстан бас тарту салдарынан Еуроодақ саяси салмағы бар ұйым ретінде қабылданбай қалуы мүмкін.

Ал осы уақытта Франция президенті Эммануэль Макрон бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путиннің бейбіт келіссөздерге дайын екені жөніндегі жалған уәдесіне алданып қалғанын айтты. Ол сондай-ақ «Трамптың Путинге деген ашуы» АҚШ тарапынан нақты әрекетке ұласатынына үміт білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...