Қытай Украинадағы бітімгерлік күштерге қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр деп хабарлады MADENIPOR...
АҚШ-та 200 жылдан кейін алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілмек
Фото: freepik
АҚШ-тың Теннесси штатында Кристе Пайкке қатысты өлім жазасы 30 қыркүйекте орындалуы жоспарланып отыр. Бұл штатта әйел адамға өлім жазасының орындалуы шамамен 200 жылдағы алғашқы жағдай болмақ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Пайк 1995 жылы курстасы Коллин Слеммерді өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Ол кезде Пайк 18 жаста болған.
Тергеу материалдарына сәйкес, Пайк Слеммерді өзінің жігітіне қызығушылық танытып жүр деп күдіктенген. Ол жігітімен бірге курстасын алдап, адам аяғы сирек баратын жерге апарып, сол жерде өлтірген.
Қылмыс барысында Слеммердің денесіне сатанизмге қатысты белгі ойып салынғаны анықталған.
Пайктың адвокаттары сотта оның бала кезінде бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, бұл жағдайды жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде келтірген.