“Ұлыма лайық емессің”: Келінін түбіне жеткен ене сотталды

Фото: freepik

Әлем
108

Өзбекстанның Қашқадария облысында келініне жүйелі түрде қысым көрсеткен әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды. Жоғары сатыдағы соттар қорғау тарапының шағымын қанағаттандырмай, үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Іс материалдарына қарағанда, енесі мен келіні 2023 жылдан бері бір пәтерде тұрған. Әйел келінін үнемі қорлап, қол көтерген. Сондай-ақ оның телефонын тартып алып, туыстарымен араласуын шектеген және ауыр жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

2025 жылғы 28 шілдеде енесі келініне тағы да қол көтерген. Осы жанжалдан кейін келіні өзіне қол жұмсап, көз жұмды.

Қамаши аудандық соты 2026 жылғы 16 ақпанда әйелді кінәлі деп танып, сот залында қамауға алды. Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сол жылдың қазанында Қашқадария облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы да қорғаушылардың шағымын қанағаттандырмады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәйіт Малоубинка өзенінің жанында жер қазу жұмыстары кезінде анықталған, деп хабарлайды MadeniPortal...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенбі, 21 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, к...