Леңгірде 15 жастағы қыз артынан қалмаған жігітті өртеп жіберген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
168

Түркістан облысының Леңгір қаласында 20 жастағы жігітті өлтірген 15 жастағы оқушы қыз сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, қыз былтыр басталған қарым-қатынасты үзгісі келген. Жігіт бұған келіспеген. Кейін қыз оны Шымкенттен Леңгірге шақырып, пышақтаған. Жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Іс материалдарына сәйкес, қыз қылмыстың ізін жасыру үшін марқұмның денесін өртеген. Кейін болған жағдайды анасы мен достарына айтып берген.

Сотта қорғаушылар қыздың өзін қорғау үшін әрекет еткенін алға тартты. Медициналық сараптама оның денесінен зорлық белгілерін анықтамаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенбі, 21 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, к...

Әлем

1962 жылдың шілдесінде жоғалып кеткен 20 жастағы әйел 62 жылдан кейін тірі табылды. Істі 2025 жылы қ...