Содырлар полиция көліктеріне шабуыл жасап, 10 қызметкер қаза болды

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

Әлем
287

Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат ауданында болған. Қарулы адамдар полиция қызметкерлері отырған көліктерге тұтқиылдан оқ атқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға орнында атыс басталып, кемінде 10 полицей қаза тапқан. Олардың арасында екі жоғары лауазымды қызметкер бар.

Атыс әлі жалғасып жатыр. Әзірге шабуылды ешбір топ мойнына алған жоқ.

AP News жазуынша, шабуылға «Техрик-е-Талибан Пәкістан» (ТТП) қозғалысы қатысы болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл топ соңғы кездері аймақта қауіпсіздік күштеріне шабуылдарын күшейткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Осыдан бір ай бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік төлемдер мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды балағаттаған Виолетта Паршинаға іздеу жарияланды. 52 жаст...