Ол Ақылбек Скендіров. Жайдарманшы Қызылорда-Павлодар бағытындағы пойызда шу шығарғаны үшін 86 500 те...
Жамбыл облысында соққыдан кейін жүрегі тоқтаған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: freepik
69
Жамбыл облысының Аса ауылында жасөспірім кеуде тұсынан бірнеше рет соққы алғаннан кейін құлап, жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны аман алып қалды. Туысының айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәліметке қарағанда, оқушылар бас қосқан кезде жоғары сынып оқушыларының нұсқауымен сыныптасы жасөспірімнің кеуде тұсынан төрт-бес рет ұрған. Осыдан кейін бала жерге құлаған.
Қазір жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр. Берілген мәлімет бойынша, бала вегетативті күйде. Бұл жағдай апалликалық синдром деп те аталады.
Полиция оқиғаға қатысты күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу жалғасып жатыр.