Әулиеата өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі – Байзақ батыр кесенесі «Қазақста...
Төтенше жағдай режимін жариялау тұрақты іске айналғандай
Фотосурет inbusiness.kz сайтынан алынды
Екібастұз қаласында төтенше жағдай режимін жариялау тұрақты іске айналғандай. Мұнда инженерлік инфрақұрылымдық ақауларға байланысты бұл режим жиі енгізіле бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.
Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясы кезектен тыс отырысы барысында "Energy Solutions Center" ЖШС-де орын алған апаттық жағдайға байланысты Екібастұз қаласында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялау туралы шешім шығарды. Тиісті ақпарат ашық НҚА порталында жарияланды.
Бұл кәсіпорын "Самұрық-Энерго" АҚ кәсіпорнына қарайды. Таяуда ғана кеншілер шаһарындағы жылу-электр орталығын сенімгерлік басқаруға алды.
“Самұрық-Энерго” АҚ жүргізген аудит нәтижесі бірнеше қазандық агрегатын жөндеу керек екенін көрсетті. Атап айтқанда, № 5 қазандық агрегатын күрделі жөндеуден, №9 қазандық агрегатын ағымдық кеңейтілген жөндеуден өткізу қажеттілігі туындап отыр. Сол сияқты былтыр маусымаралық кезеңде №12 қазандықтың негізгі және қосымша құралдарының 80% жөнделген еді. Биыо анықталған технологиялық ақауларды ескере отырып, қалған құралдарды да жаңарту міндеті тұр. Бұл мақсатқа қажет қаражат компания қазынасынан қарастырылады. Бірақ станция басшылығы нақты қанша сома бөлері әзірше белгісіз.
“Самұрық-Энерго" АҚ-нан Екібастұз қаласының әкімдігіне түскен өтініш бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде жөнделетін объектілерді алдағы жылыту маусымына уақтылы тапсыру әрі жыл бойы үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз ету үшін техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды”, - деп хабарлады Екібастұз қаласының әкімдігі.
Осылайша, ағымды жылы "Energy Solutions Center" ("Самұрық-Энерго" АҚ еншілес компаниясы) қаражаты есебінен №5 және №12 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу, № 9 қазандық агрегатын кеңейтілген ағымды жөндеу, қалған қазандық агрегаттар мен қосалқы жабдықтарды, ЖЭО ғимараттары мен нысандарын ағымдағы жөндеу жоспарланған.
Айта кетейік, былтыр кеншілер шаһарындағы жылу-электр станциясында 10 қазандықтың сегізі күрделі жөндеуден, қалған екеуі ағымдық жөндеуден өткен еді.