Шымкентте «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Жаңалықтар
1793

Шымкентте Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай түсірілген «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. 

Туындыда түбі бір туысқан қазақ-өзбек халықтарының тәуелсіздік жылдарындағы бауырластыққа негізделген тарихи қарым-қатынасы мен тамыры тереңде жатқан бекем байланыстары баяндалады. Сондай-ақ екі ел басшыларының кездесулерінде қол жеткізілген уағдаластықтар, бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі көрсетіледі. Салтанатты шараға Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев қатысты. ҚР Президентінің телерадио кешені дайындаған деректі фильм ел аймақтарында және көршілес Өзбекстанда көрсетілмек. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Өзбекстанда 800 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Ал Қазақстандағы өзбек этносы өкілдері 550 мыңға жуықтайды. 

Зауытбек Тұрысбеков, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары:

 - Өзбек қазақ бауырлас ел. Бабаларымыз айтқан, «өзбек өз ағам» деп. Мінекей осы екі жылды екі мемлекеттің Елбасы Өзбекстан мен Қазақстан жылы деді. Жоспарымызда Ташкенттің төңірегінде Өзбекстан мен Қазақстанның кәсіпкерлерінің басын қосып, біріккен бизнес жасауымыз керек.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...