БАҚ қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр

Фотосурет ұсынылды

Қазақстан
437

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аймақтағы тілшілер қауымын мерекемен құттықтап, олардың ішінен суырылып шыққан үздіктерін түрлі сый-сыяпаттармен марапаттады.

Көкшетау қаласының «Болашақ сарайында» өткен салтанатты жиында облыс әкімі елімізде журналистердің өзіндік мерекесінің болуы БАҚ-тың өмірімізде ерекше алатын орнын айғақтайтынын айта келіп, тілегін келесідей сөздермен жалғады:

«Өңірімізде беделді ақпарат құралдары мен талантты журналистер көп. Олардың жұмысы ақпарат алуандылығындағы басты нәрсені анықтауға және болып жатқан оқиғаның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, «Отандық БАҚ қазақ халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сіздердің объективті және сыни көзқарасыңыз жалған ақпарат пен алыпсатарлықтың таралуына сенімді тосқауыл бола алады. Сондықтан, қазір кәсіби журналистиканың маңыздылығы бұрынғыдан да жоғары», – деп атап өткен болатын.

Бүгінгі таңдағы ауқымды реформалар мен өзгерістер кезеңінде БАҚ қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр.

"Сіздер өз жұмыстарыңызды ұқыптылықпен атқара отырып, өзекті тақырыптарды қамтып қана қоймай, өңіріміздің дамуына және оның имиджінің қалыптасуына зор үлес қосасыздар және өзекті мәселелерді шешуге атсалысасыздар. 

Осынау кәсіби мереке күні барлық сала қызметкерлеріне денсаулық, бақыт пен береке, қызықты шығармашылық ойлар мен жоспарлар және олардың табысты орындалуын тілеймін. Жазған әрбір жолдарыңыз, сөйлеген әрбір сөздеріңіз қоғамымыздың дамуына, еліміздің өркендеуіне үлес болып қосыла берсін!», – деді Марат Ахметжанов.

Жыл сайын журналистер мерекесі күні «Арқа төрі - Ақмола» Ақмола облысы әкімінің сыйлығы үшін өткен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы облыстық байқаудың нәтижесі шығарылып,  еңбегімен ерекшеленген адамдарға марапаттаулар беріледі.

Биылғы марапат иелерінің есімдері төменде: «Найза Кокше» АҚ редакторы Сәуле Құсайынова, «Казахстанская правда» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі РаушанУтеулина, «Жаксы жаршысы- Жаксынский вестник» редакторы НадеждаВасильева мемлекеттік наградаға ие болса, блогерлер К. Әлімжанова мен М.Балекбаева президенттің Алғыс хатын алды. «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Берік Әбділманов пен «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы Владислава Кокорина«Ақпарат саласының үздігі» атанды. Сондай-ақ бір топ әріптестеріміз ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, Сағадат Нұрмағанбетов атындағы мерейтойлық медальмен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыс әкімінің сыйлығына ие болғандардың ішінде өзіміз де бар екенімізді айта кетейік. Одан бөлек, жыл ішінде мерейтойлары аталып өткен БАҚ пен ардагер журналистерге де өңір басшы атынан сый-сыяпат тарту етілді.

Ал «Арқа төрі - Ақмола» Ақмола облысы әкімінің сыйлығы үшін өткен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы облыстық байқау жеңімпаздарының тізімі төмендегідей: Ырсалды Ахметкалиева - облыстық «Арқа ажары» газетінің тілшісі; Фариза Асылбекова – «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының редакторы; Оксана Матасова – «Казинформ» және «31 канал» АҚ тілшісі; Вероника Бурда – облыстық «Акмолинская правда»газетінің тілшісі; Наталья Авдеюк – «Луч» Бурабай аудандық газетінің бас редакторы; Айбек Данияров – облыстық «Акмолинская правда» газетінің фототілшісі; Сабырбек Шерьязданов – «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының телеоператоры; Ермек Ельбергенов – Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары; Индира Қалимжанова – Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы; РаузаТүгелбаева –Целиноград аудандық «Есіл Нұра» және «Вестник Акмола» газеттерінің жауапты хатшысы. Сондай-ақ бірнеше ынталандыру сыйлықтары да берілді.

Қазіргі күні облыс аумағында  жұмыс істеп тұрған 72 БАҚ тіркелген, оның ішінде баспа БАҚ – 53 (45 газет және 8 журнал) және электрондыБАҚ – 19 (2 телеарна, 5 кабельдік теледидар операторы, 10 ақпараттық агенттік және 2 радио). Мемлекеттік емес БАҚ-тың үлесі шамамен 90% құрайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде (мемлекеттік тілде – 8, орыс тілінде – 17, мемлекеттік және орыс тілінде – 37) шығарылады (эфирге шығады), мемлекеттік, ресми және өзге тілдерде 16  БАҚ таратылады және басылады. 

Облыстағы электрондық масс-медиа «Қазақстан «РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы, «Сәлем» (Атбасар ауданы), «Сары Арқа» (Жарқайың ауданы) сынды 3 телерадиокорпорациямен ұсынылған. Сондай-ақ өңірде 20 жетекші республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері жұмыс істейді.

2022 жылы ақпараттық қолдау және жариялау Республикалық бірыңғай медиа – жоспар негізінде жүзеге асырылады. Қосымша 15 медиа жоспарды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Ақмола облысында «24/7» режимінде электрондық, баспа БАҚ және әлеуметтік желілердің мониторингі жүргізіледі. Мониторинг аясында 50 республикалық және 10 өңірлік БАҚ қамтылған. Сонымен қатар, облыс аудандары бойынша әлеуметтік медиадағы 110 топ, парақшалар мен мессенджерлер белгіленген.

 Дәулет Асау

Жаңалықтар

Алматы – Өскемен тас жолының 42-шақырымында патрульдік полиция қызметкері жол-көлік оқиғасы са...

Жаңалықтар

Қазақстанда кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Еуразия...