Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...
Абай болыңыз! Интернет алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Фото: ИИ/Шедеврум
2352
Қазақстанда кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Еуразия бірінші арнасынасілтеме жасап хабарлайды.
Енді қаскөйлер азаматтардың телефон нөміріне интернет-дүкендердің атынан промокоды бар хабарлама жібереді екен.
Әдетте хабарламада тосынсый ұтып алуға болатын сілтемелер көрсетіледі. Ал азаматтар жалған сайтқа кіргенде зиянды қосымшаны жүктеуді немесе жеке деректерін енгізуді сұрауы мүмкін.
Мамандар күдікті сайттарға өтіп, ұялы телефонға тексерілмеген қосымша жүктемеуге кеңес береді.