Бішкекте қазақстандық әйгілі суретші Жақып Құттыбектің жеке көрмесі ашылды. Қолданбалы өнер жұмыстар...
Билеттер тек әйелдерге сатылады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
"Жолаушылар тасымалы" әйелдерге арналған вагондар санын кеңейтіп, үш танымал бағытқа - Астана - Семей, Ақтөбе - Алматы және Алматы - Шымкентке вагондар қосты, - деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.tengritravel.kz сілтеме жасап.
Бұрын әйелдер вагондары сегіз бағыт бойынша жүрсе, енді олардың саны он бірге дейін ұлғайтылды:
- № 354/353 Астана – Семей;
- №24/23 Ақтөбе – Алматы;
- №25/26 Алматы – Шымкент;
- №77/78 Алматы – Маңғыстау;
- №351/352 Алматы – Өскемен;
- № 45/46 Павлодар – Түркістан;
- №37/38 Маңғыстау – Семей;
- № 47/48 Атырау – Астана;
- №33/34 Ақтөбе – Алматы-1;
- № 4/3 Астана – Алматы-2;
- № 71/72 Астана – Шымкент.
Әйелдерге арналған вагондар 2018 жылдың 26 қыркүйегінде болған жолаушы әйелді зорлау оқиғасынан кейін 2021 жылы пайда болды. Соңғы үкім 2020 жылдың ақпан айында шығарылды. Бұл іс бойынша пойыз жолсеріктері сотталды.
Әйелдерге арналған вагондарда тек әйелдер жұмыс істейді. Билеттердің құны қарапайым билеттерден ерекшеленбейді, бірақ олар тек әйелдерге сатылады. Дегенмен, олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар да отыра алады.