Елтаңба өзгермейтін болды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстан
239

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру жөнінде мәселе жақын арада қаралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

«Мәселе күн тәртібінен шығарылды», - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің Елтаңбаның өзгеруін талқылау процесі туралы ресми өтінішіне берген жауабында. 

Бұған дейін наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін желіде әжуаға толы пікірлер көбейді. Кейбірі дәл қазір мұның не керегі бар деп реніштерін айтты.

Сонымен Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин де арнайы мақала жазған еді. 

Ал мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында «Елтаңбаны өзгерту президенттің ұсынысы» болмағанын айтты.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...