Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттар табылды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
2412

Моңғолия Ұлттық архивінен Қазақстанға қатысты құжаттар табылды, деп хабарлады madeniportal.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Архив – 2025» кешенді жоспары аясында шет ел архивтерінен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи құжат жинақтау мақсатында ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің делегациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласына іссапармен барды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Моңғолия Ұлттық архивінен Қазақстанға қатысты құжаттар анықталып, 90 фотоқұжат және жалпы ұзақтығы 92 минуттық киноқұжаттың көшірмесі алынды.

Киноқұжатта Баян-Өлгей аймағының он және жиырма жылдығына арналған бейнеқұжаттары, қазақстандық делегацияның жергілікті қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысуы туралы деректер бар. Ал фотоқұжаттарда Баян-Өлгей аймағындағы қазақ халқының тұрмысы, жергілікті театр әртістерінің қойылымдары, әр жылдары Моңғолия еліне сапарлаған қазақстандық өкілдер бейнеленген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы балабақшалардың бірінде бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп, денесінің 10 пайызын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Руслан Өтепбай Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдаушылық білдір...