Бүгін Елордадағы Конгресс-Орталықта ҚР Президенті әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігін...
Жүк көліктің иелеріне жауапкершілікті арттырады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылдан бастап жалпыға ортақ жолдарда карьерлік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Олжас Бектенов бұған дейін көлік министрлігіне рұқсат етілген параметрлерге сәйкес келмейтін ауыр техниканың өтуіне жол бермеу шараларын қабылдау тапсырылғанын атап өтті.
"Сондықтан 2026 жылдан бастап жалпы пайдаланымдағы жолдарға тау-кен жүк көліктерінің шығуына тыйым салу туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Бұл норманы 2025 жылдан бастап енгізу мәселесін пысықтау қажет", – деді Олжас Бектенов.
Көлік министрі Марат Қарабаев та отырыста ауыр жүк көліктерінің иелері жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген жағдайда лицензиясынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.
Министр мұнда тек карьерлердің ішінде ғана пайдалануға болатын карьерлік жабдықтар жөнінде түсіндіріп өтті.
“Біз жүк көліктің иелеріне жауапкершілікті арттырамыз. Егер ескермесе, карьер иесі лицензиясынан айырылады. Карьер иелері шамадан тыс жүктемемен жүреді. Осылайша пайдаланымдағы жолдарда ауыр жүк көліктерімен тасымалдауға тыйым салынады. Енді олар жүксіз жүре алады, бірақ жүкпен жолға шықпайды”, – деп қосты министр.
Сонымен бірге Қазақстанда көліктің салмағын автоматты түрде өлшейтін 220-ға жуық камера орнатуды жоспарлап отыр. Егер жүктің салмағын өлшеген соң шамадан тыс асып кетсе, көлік иесіне айыппұл салынады. Бұған транзиттік көліктер ауыр жүк көліктері жатпайтыны атап өтілді.
“Сіздерге 25 тонна жүк тасымалдауға рұқсат етілгенін ұмытпаған жөн. Көліктердегі жүк 108-119 тоннаға тең. Жолдардың бәрі мемлекет есебінен жөнделіп, салынған. Жол салық төлеушілердің есебінен құрастырылғанын ұмытпаңыздар. Көбі заң нормаларын орындамайды. Соның салдарынан жолдарымыз тозып барады”, – деді көлік министрі Марат Қарабаев.