Анталиядағы Жамбыл атындағы саябақта Домбыра ескерткіші орнатылды

Фото: TRT

Өнер
394

Анталиядағы Жамбыл Жабаев атындағы саябақта дәстүрлі музыкалық аспап домбыра ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Түркия Радио Телевизия порталына сілтеме жасап. 

Түркиялық БАҚ-тың келтірген мәліметіне сүйенсек, Кепез муниципалитетінің ұйымдастыруымен өткен шараға Анталия губернаторы Хулуси Шахин, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев, Кепез қаласының мэрі Месут Кожагөз, Анталияда тұратын қазақстандықтар мен түрік ағайындар қатысты.

Аталған іс-шараға қатысқан губернатор Шахин беташар сөзінде «Домбыра күні» шарасы аясында Қазақстан халқымен қауышқанына қуанышты екенін айтқан.

Домбыраның Анадолыдағы бағлама, саз, кура және тамбур аспаптарының атасы екенін түсіндірген Шахин «Түрік мәдениеті мыңдаған жылдар бойы кең территорияға таралып, құрлықтар арасындағы үлкен бауырластық көпірі болды» деді.

«Өкілетті елші Сәпиев аптап ыстыққа қарамастан бауырлас екі ел өкілдерінің саябақта бас қосқанына қуанышты екенін атап өтті. Сәпиев «Домбыра қазір қазақтың аспабы ғана емес, бүкіл түрік әлемінің символы болып табылады. Орнатылған мүсін енді балаларымыз бен ұрпақтарымызға бауырмалдықтың, ынтымақ пен бірліктің символ болады» деді», деп жазады түркиялық басылым.

Жаңалықтар

Нью-Йорктің Оңтүстік округіндегі рэпер әрі продюсер П.Диддиге қарсы тағы 2 арыз түсті, деп хабарлайд...

Жаңалықтар

Француз қонақ үйінің қызметкері 16 жыл өткеннен кейін студент қызға қол тигізгені үшін түрмеге қамал...