Шығыс Қазақстанда үш бойжеткен оқушы қызды ұрып, тізерлетіп қорлық көрсеткен (ВИДЕО)

Видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2457

Зайсанда 3 қыз жиналып бір қызға зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған видео тарады, деп хабарлады Madeniportal.kz.

Темекі шегіп отырған үш қыз дөрекі сөйлеп, өзге оқушы қызды балағаттап, бетінен ұрып, тізерлеп отырқызып кешірім сұратқан. Олар өздерінің әрекеттерін видеоға үсірген. Жәбірленуші қыз «Құдай үшін, ұрмай-ақ қойыңдаршы» деп жалынған.

«Біздің артымызда қаншама адам тұр. Тізерлеп кешірім сұра. Бағанадан бері саған хабарластым. Қоңырауға жауап бермесеңдер, телефонды не үшін ұстайсыңдар?. Саған 5 мың теңге айыппұл. Бұл екеуі 10 мыңнан қойсын, 20 мың теңге ертең тауып берсін. Бұл видеоны бүкіл Зайсан көреді. Ертең банк картасына 10 мың теңге жібер. Аналарыңа, мұғалімдерге айтсаң, жақсылық күтпе», - дейді видеодағы дөр екі сөйлеген оқушы қыздар. 

Соңында үшеуі жәбір көрсеткен қызды тағы да тізерлетіп, бұл жолы маңдайын жерге тигізіп тұрып, кешірім сұратқызған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...