Шымкент: Мектепте 10 оқушы уланып, ауруханаға жеткізілді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
228

Шымкентте 10 оқушы спрейден уланып қалған, деп хабарлады madeniportal.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болған. Жекеменшік «Зере» мектебінің 10-сынып оқушысы ойнап жүріп, бұрыш спрейін (перцовый баллончик) терезеге қарата шашқан. Содан өзге оқушылар өзін жайсыз сезіне бастапты.

«Мектептен 10 оқушы өзінің мазасыз сезінуіне байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем көмегімен Шымкент қалалық токсикологиялық ауруханасына жеткізілді. Оқыс жағдайдан кейін оқушылар үйіне қайтарылды. Қазір жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп ғимараты зарарсыздандырылған. Мектепте оқу процесі 1 ауысымда жүргізілетін болғандықтан, оқу ертең жалғастырылады», - делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Ал, бұрыш спрейін мектепке әкелген оқушылар алдын ала тергеп-тексеру үшін Тұран аудандық полиция бөліміне заңды өкілдерімен бірге жеткізілді.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...