Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Астана қаласында бір адамды жерлеу - 1.500.000 теңге шамасында шығып...
Азамат Сатыбалдыға жала жапты ма, жоқ па?
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында өзіне қатысты өткізілген наразылық шеруге қатысты жауап қатты, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.
Актер қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтін көрінеді.
«Ей, пендем. Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық. Бір-екі күнде мақалам шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат», – деп жазды Азамат Сатыбалды.
Айта кетейік, күні кеше «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді. Өйткені мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.