Қызды көлікке күштеп мінгізгендер жауапқа тартыла ма?

Фотосурет stan.kz сайтынан алынды

Қоғам
651

Маңғыстауда бойжеткен өзін ұрламақ болған жігіттердің жазалануын талап етіп отыр. Ол полицияға арыз жазғанымен, іс әлі күнге дейін қаралмаған екен, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың 12 сәуірінде, шамамен сағат 23:00-де Маңғыстау ауылында болған.

Қыз сол күні құрбысының үйінде болып, такси шақырып, сыртқа шыққан. Сол кезде жанына құрбысының күйеуінің досы келген. Ол қызға таксиге дейін шығарып салуды ұсынған. Алайда бойжеткен бас тартқан. Содан кейін ол қызды жол бойында тоқтап тұрған көлікке күштеп мінгізген. Сол кезде жігіттің жанында екі досы болған екен. 

"Біреуі мені көтеріп, екіншісі жүгіріп келіп, аяғымнан ұстап, көлікке күштеп мінгізбек болды. Мен қарсылық көрсетіп, айқайладым. Ішке кіргеннен кейін оларды тоқтамасаңдар, көліктен секіремін деп қорқыттым. Көлік бағдаршамға тоқтаған кезде көліктен секіріп, қашып кеттім. Сол күні кешке 102-ге хабарласып, арыз бердім. Келесі күні олар мені Мұнайлы аудандық ішкі істер бөліміне шақырып, жауап алды. Іс 15 сәуірде жабылды. Тергеуші сараптамадан өту керегін айтпады. Олар маған қылмыс болғанына дәлел жоқ деді. Өзімді және құқығымды қорғағым келеді. "Мен олай күшпен көлікке отырғызып, ұрлайтын мал емеспін", – деді жәбірленуші.

Сосын бойжеткен адвокат жалдап, іс содан кейін ғана жүре бастаған.

"Жақында мені ұрлап кеткен жігіттермен жолығып қалдым. Олар өз кінәларын мойындамады. Тіпті өкінбейтінін жеткізді. Олар іс жабылатынын, сотқа жетпейтінін, қанша тырысқаныммен пайда жоғын айтты. Олардың көлігін айып тұрағына апармады және ешкімнен жауап алынбады. Алғашында моральдық шығынды өтеуді сұрап, кейін бас тарттым", – дейді жәбірленуші.

Бойжеткен куәгерлер бар екенін алға тартты. Тіпті ол өз қаражатына сараптамадан өтіп, қорытындысын өз қолына алған.  Маңғыстаулық қыз кінәлілерді жазалау арқылы істі аяғына дейін жеткізгісі келеді.

"Онсыз да әкемнің алдында жүруге ұяламын. Әлі есімді жиған жоқпын. Көшеден өткен көліктерден қорқамын. Мені тағы ұрлап кететін сияқты", – деді қыз.

 

Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...