Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан ерлер құрамасын...
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 10 спорт түрінен бақ сыналады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бүгін, 10 қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы спортшылар 10 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлады madeniportal.kz.
«Қазанат» ипподромында сағат 10:00-13:00 аралығында көкпардан ширек финал ойындары өтеді.
Аталған ипподромда сағат 15:00-17:00 аралығында көк бөруден А және В тобындағы ойындар болады.
Жанкүйерлер этноауылда сағат 10:00-19:00 аралығында аударыспақты тамашалай алады.
Сол жерде 9:00- 20:00 аралығында жамбы атудан түрік стилінде жарыстар өткізіліп, марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында белдесу өтеді.
Сағат 10:00-13:00 аралығында ерлерде 82, 90, 100, 100 келіден жоғары, әйелдерде 65, 70, 77, 77 келіден жоғары салмақта іріктеу болса, 16:00-18:00 аралығында финалдық кезең белгіленген.
Аталған спорт кешенінде алыштан 10:00-13:00 аралығында іріктеу кезеңінде ерлер 82, 90,100, 100 келіден жоғары; әйелдерде 65, 70, 77, 77 келіден жоғары салмақта сынға түседі. Финалдық сайыстаар 16:00-18:00 аралығына белгіленген.
Ал, «Алау» спорт сарайында 10:00-13:00 ерлерде 60, 66, 73, әйелдерде 57 келі салмақта іріктеу болса, 16:00-18:00 аралығында финалдық кезең белгіленген.
Аталған спорт сарайында мас-рестлингтен 10:00-13:00 ерлерде 90, 105, әйелдерде 75 келі салмақта іріктеу сайыстары болса, жарысқа қатысушылар 16:00-18:00 аралығында финалдық бәсекелер өткізеді.
Сондай-ақ аталған орында 10:00-18:00 аралығында жартылай финал болады.
10:00-18:00 аралығында сайысқа қатысушылар «Парламент» және «Думан» конференц-залдарында тоғызқұмалақтан жартылай финалда кездеседі.
Айта кетсек, алғашқы екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде көш бастады.