Олимпиада чемпионы Елдос Сметов чемпиондық жолы туралы кино түсірмек

Фото: yessenali_aikerim парақшасынан

Спорт
274

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қазақстан ұлттық арнасына эксклюзив сұхбат берді, деп хабарлайды madeniportal.kz

Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қазақстан ұлттық арнасында, тележүргізуші Айкерім Есенәліге эксклюзив сұхбат берді. Спортшымыз жетістікке жетудегі жүріп өткен жолы мен алдағы жоспарларын бөлісті. 

Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан алтын алған соң спорттағы карьерасын аяқтаймын деп ойлағанын, бірақ қазір ойы өзгеріп, келесі Лос-Анжелесте болатын Олимпиадаға баруды жоспарлап отырғанын ашық айтты. 

«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов. 

Чемпионымыз алдағы уақытта жеңіс жолы туралы, көрген бала мотивация ала алатындай кино түсіру ойда бар екенін де осы алғашқы сұхбатында айтып берді. 

«Тарихи жеңісімнің артында үлкен еңбек пен күш-жігер жатыр. Басымнан өткен қиындықтар туралы көп адам біле бермейді. Сондықтан артымнан ерген жас спортшыларға мотивация болатындай фильм түсіру ойда жүр», - дейді Олимпиада Чемпионы Елдос Сметов.

Спорттық карьерасы, кішкентай бала қалай Олимпиада чемпионы болғаны жөнінде кино түсіру спортшыға 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарынан кейін келген. 

Төрткүл дүниені өзіне қаратқан Олимпиада ойындарының 3 дәрежедегі медальін де еншілеп, ойындағысын орындап, дегеніне сүрінбей жеткен спортшымызға алдағы Лос-Анжедестегі Олимпиада да сәттілік әкеліп, алтынды қоржынға салуына сәттілік тілейміз!

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...