Отандық spik.kz аналитикалық порталында Жандос Ақылбековтың қазақ тілінде сөйлейтін балалар арасында...
Аймақтарда улы қарақұрттар саны көбейген
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Атырау облысында улы қарақұрт саны көбейген. Олардан келген шығын қазірдің өзінде 65 миллион теңгеден асты. Шара қабылдауға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолданды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
Аймақтық басылымның хабарлауынша, Атырау облысында, оның ішінде құмды аймақтарда улы қарақұрттар саны көбейген.
Қарақұрттар ауыл шаруашылығы жануарларына айтарлықтай зиян келтірген. Жаз басынан бері 485 түйені қарақұрт шағып, 90 бас өліп, өлген мал иелеріне 65 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.
Сонымен бірге басылым тілшілері улы жәндіктердің шағуының алдын алу, өлген жануарларды емдеу және өтемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен қарастырылмағанын жазды.
Осыған қарамастан жергілікті мал дәрігерлері улы жәндіктер шаққан жануарларды күнделікті емдейді. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігіне улы жәндіктерден қорғау немесе оларды жою шараларын бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын шаралар тізбесіне енгізу туралы хат жіберілді, деп хабарлайды басылым