Алматыда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 65 қазақстандыққа айыппұл салынды, деп хабарлайды maden...
Ауылдық мұғалім зәулім үй ұтып алған
Фотосурет aikyn.kz сайтынан алынды
Құны 80 млн теңге тұратын үйге конкурс ұйымдастырған блогер Аида Серікова жеңімпазды жариялады, – деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.
Ұйымдастырушы үйлі болған ер адамның жылағанын көріп, көз жасын ұстай алмаған.
– Алматыдағы 80 000 000 теңге тұратын үй ауылда мұғалім болып істейтін Айдос мырза мен жұбайына бұйырды. Ойлаңыздаршы, ол курсқа қатысу үшін 2000 теңгені каспи редпен алған. Алматыға кредит алуға барған. Алайда банк несие бермеген. Енді, міне, Аллам кредит бермесе де, 100 000 000 теңгелік үйді бұйыртты. Эмоциясын айта алмаймын. Үйіңіз тағы да құтты болсын!, – деп жазды Аида Серікова.
Блогер жариялаған видеодан жас отбасының үйдің кілтін алып жатқанда қобалжып, қуаныштан жылағанын көруге болады. Конкурс арқылы үй бұйырған жас жігіт ауылда география пәнінің мұғалімі екен.
– Аман-есен үйді табыстадық. Халықтың жылы сөзін, қолдауын естіп, көзімізден жас тоқтамай жатыр. Баспанаңыз құтты болсын! Айдос аға жастайынан әкесінен де, шешесінен де айырылған. Інісі екеуі тете өсіп, мектепті өте жақсыға бітіріп, КазНУ-ды қызыл дипломмен бітіріпті. Өте сауатты кісі. Қазір география пәнінің мұғалімі екен. Өте қарапайым жандар. Алла бұл кісілерге еселеп берсін. Осы күнге дейін қиындықты тек күліп қарсы алған екен. Кешегінің өзінде қалай екі езуі күліп кірді, соңына дейін солай күліп жүрді ғой, – деп жазды блогер.