Бірінші - денсаулық, екінші - мәдениет

Фотосурет ресми сайттан алынды

Аймақтар
372

Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Осы орайда, Қаратау ауданындағы Нұртас шағын ауданында «Таза аула» акциясы өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай ізгі шара - қаланың барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстарды жинау, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтары мен мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Тазалық шарасына аудан тұрғындары, белсенді жастар мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері қатысып, өздерінің аулалары мен іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, іс-шарада аулаларды тазалау, қоқыстар шығару, қураған ағаштарды кесу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары жүргізілді.


«Бүгін Президентіміздің тапсырмасы аясында «Таза Қазақстан» экологиялық республикалық акциясы қазір барлық елді мекендерде қолдау тауып отыр. Өйткені тазалық бірінші - денсаулық, екінші - мәдениет. Елдің азаматтары өзінің ортасының табиғатын тазалағын сақтап отыру үлкен әлеуметтік маңызға ие деп ойлаймын. Тазалық - әрбір үйдің өзінен басталады», – деп атап өтті Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбек.


Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.

Жаңалықтар

Қостанай облысында полицейлер қарт адамдарға алаяқтық жолмен несие және шағын несие рәсімдеген пошта...

Жаңалықтар

Дзюдодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатын...