ЖАЗУШЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЖАҢАЛЫҚТАР
3322

Ағымдағы жылдың қазан айында «Нұр Отан» партиясы мен «Қазақстан Жазушылар одағы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл шара Елбасы Жолдауында көрсетілген «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын әрі қарай жалғастырып, насихаттауға арналады. Осы орайда қаламызда «Ақ Жайық қаламгерлері» жобасы қолға алынды.

«Ақ Жайық қаламгерлері» жобасының кезекті қонағы ретінде ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы, оқырманға кең танылған «Жүректегі құпия», «Махаббат бағы», «Шүберек қуыршақ», «Өкініш» және жуырда жарық көрген «Ар азабы» кітаптарының авторы,  «Жайық Үні» газетінің Бас директор-редакторы Шүйіншәлиева Мира Хамзақызы жастармен кездесуге шақырылды.

Қалалық жастармен ресурстық орталығында өткен жүздесуде жазушы өзінің өнегелі өмірі мен шығармашылығынан сыр шертті. Студенттер жазушы ханымға сұрақтар қойып, журналистика саласынан шағын шеберлік сағат алды.

Шара соңында Мира Хамзақызы «Ауылға сағыныш» атты өлеңін оқыды.

       

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...