Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Жаңалықтар
1369

Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып Әсет Өрентайұлы Исекешев тағайындалды" делінген хабарламада.

Әсет Исекешев бүгінге дейін Астана қаласы әкімі қызметін атқарған-ды. Ал, ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі болып Әділбек Жақсыбеков қызмет еткен болатын.

Айта кетсек, Әсет Исекешев  1971 жылдың 17 тамызында туған.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін бітірген.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.

2003-2006  жылдарыҚазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.
2006-2007 жылдары«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары.
2007- 2008 жылдары«Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.
2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамыр аралығындаҚазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.
2009 жылғы мамырдан бастапҚазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
2010 жылдың наурызынан бастапҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қаңтар айынан бастапИндустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қыркүйегіненҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2014 жылдың 06 тамызынан бастапИнвестициялар және даму министрі.
2016 жылғы 21 маусымнан бастапҚазақстан Республикасы Президентінің № 288 Жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.


madeniportal.kz

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...