Алакөл жағалауында үлкен демалыс орны өртеніп, құтқарушылар 400 шаршы метр аумақта өртті толығымен с...
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды
Ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін филиалды басқарған Бауыржан Қарағызұлының ҚР Мәдениет және спорт министрінің Кеңесшісі қызметіне ауысуына байланысты, директорлықтан босатылды.
Дәулеткерей Кәпұлы (09.08.1977 жылы туған, Моңғолия, Баян Өлгий аймағы Байнұр сұмыны) - айтыскер ақын.
1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Кәпұлының анасы Егеухан белгілі айтыс ақыны.
ҚазҰУ-ды (1999), Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын (2002) бітірген. 2002 жылдан сол университетте оқытушы.
Әр жылдары өткізілген айтыстардың бас жүлдегері.
2000 жылғы Халықараралық "Шабыт" фестивалінде жазба поэзия мүшәйрасының, 2002 жылғы "Жұлдыз" журналы жариялаған жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.
Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты (2004).