Екінші жарыс күнінде автокөліктің ипподромға жақын келуі салдарынан оқыс оқиға бола жаздаған. Бұл ту...
Шугаринг шебері клиентін алдап кеткен
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Шугаринг шеберінің қызметіне жүгінген елордалық әйел алаяққа алданғанын айтып, полицияға арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол салонның тұрақты клиенті болған, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.
Әйел клиентінің қызын ақылы түрде жақсы жағдайда босандыратын таныс дәрігері барын айтқан. Жәбірленуші оған сеніп, еш ойланбастан 1 миллион 600 мың теңгені алаяқтың қолына ұстатқан.
“Алаяқ жәбірленушіні қызының операциясына арналған ақшаны беруге көндіріп, қаражатты дәрігерге апарып беруге уәде берген. Алайда алаяқ ақшаны алған соң ізін суытып, хабарсыз кеткен”, – деп мәлімдеді полиция.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 29 жастағы әйел алаяқтық жасап, тапқан ақшаны өз қажеттігіне жұмсағанын мойындады.