Жақында журналист Азамат Әбілқайырдың «Бекзат Саттарханов кім?» кітабы жарық көрді, деп...
Қарағандыда оқушы «жарылғыш зат» туралы жалған хабарлама таратқан
Сурет: polisia.kz
Қарағандыда мектеп оқушысы сабаққа бармау үшін «жарылғыш зат» туралы жалған хабарлама таратқан, деп хабарлады madeniportal.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл оқиғалар 2 және 3 қыркүйекте орын алды.
Өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған белгісіз адам төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, оқу орнындағы «жарылғыш зат» туралы айтқан.
Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының «жалған терроризмге» қатысы бар екенін анықтады.
Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа қатысқысы келмей, осындай қадамға барған. Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.