22 қазанда Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық к...
Қазақстандық жас скрипкашы Аустралияда өткен байқауда бірінші орын иеленді
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Сағадат Омарғазин 19-шы Халықаралық скрипкашылар байқауында жеңіске жетті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Музыкант өзінің мектебін ғана емес, сонымен бірге бүкіл қазақстандық скрипка мектебін халықаралық деңгейде таныстырды. Жас өнерпазға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдау көрсетті. Іс-шара барысында ол Людвиг ван Бетховеннің, Вольфганг Амадей Моцарттың және басқалардың шығармаларын орындады.
Сағадат Омарғазин байқау аясында жоғары музыкалық академиялардың атақты маэстро-профессорлары: Гернот Винишхофер (Вена, Австрия), Захар Брон (Цюрих, Швейцария), Марчелло Дефант (Верона, Италия), Игорь Андриевский (Киев, Украина) шеберлік сабақтарына қатысты. Өнер майталмандары оның дайындығын жоғары бағалап, тәлімгері Виктор Бардашовтың жоғары педагогикалық деңгейін ерекше атап өтті
Айта кетейік, іс-шара Санкт-Пельтен қаласында ұйымдастырылған Ost-West Musikfest халықаралық фестивалі аясында өтті. Конкурсқа Оңтүстік Корея, Украина, Жапония, Қытай, Қазақстаннан өнерпаздар қатысқан.