Алматыда «Оркестр түні: Әлемдік хиттер» концерті өтті

Жаңалықтар
2845

 Құрманғазы Оркестрінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған   «Оркестр түні: Әлемдік хиттер» атты жаңа жоба Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерттік залында көпшілік назарына ұсынылды.

Аталмыш іс-шара аясында: қолөнер бұйымдары мен музыкалық аспаптар көрмесі, фотозона, шеберлік сағаттары өнер сүюші қауымға көңіл серпілтерлік тарту болды.

Бұл концертте күллі әлемге танымал атақты шығармалар қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды. Сонымен қатар, кешке қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары: Мирас пен Құралай, Жеңіс Ысқақова, «Satzhan project» тобымен қатар өзге де танымал жеке орындаушылар мен Құрманғазы Оркестрінің солистері қатысып, көрермен көз айымына айналды.




З. Самалбекұлы

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...