Бүгін ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен республикалық Бас мешітте &laqu...
«Сарай ішіне көміп тастаған»: БҚО-да 21 жастағы жігіттің сүйегі табылды
Фото:orda.kz
Батыс Қазақстан облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жігітті күдікті азамат пышақтап өлтіріп, ауладағы сарайдың ішіне көміп тастаған, деп хабарлады madeniportal.kz.
Қылмысты жасады деген күдікпен 2003 жылы туған жігіттің танысы қамауға алынды. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
– БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 29 шілде күні 2003 жылы туған жігіттің денесін тапты. Оның іздеудегі азамат екені анықталды. Осы фактіге қатысты 2003 жылы туған азаматты өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғыны қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады БҚО ПД-ның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұл іздеудегі азамат Орал қаласының тұрғыны – Жеткерген Жамбулов. Ол осыдан бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен.