Қызылорда облысында жұқпалы ауруларына қарсы вакцинаны балаларына салғызуға қарсы ата-аналар қатар...
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды madeniportal.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.