Спорттың сегіз түрінен небәрі 19 лицензия бар, бұл өте аз – министр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1900

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысты БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Біздің үмітіміз лицензияларға байланысты. Өкінішке қарай, бүгінде бізде спорттың сегіз түрінен небәрі 19 лицензия бар, бұл өте аз. Мысалы, Токиоға дейін бізде спорттың 15 түрінен 30-дан астам лицензия болған», деді Ермек Маржықпаев.

Министрдің айтуынша, жағдайды жақсартуға әлі де үміт бар.

«Алда әлі 70 лицензиялық турнир бар, біз оны қуып жетуге тырысамыз. Біздің команда барлық Олимпиада ойындарына 100-ден 110-ға дейін қатысушымен қатысты. Уақыт бар, оның орнын толтырамыз», деп қосты министр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, психолог Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде жазба жария етті, деп ха...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары...