Бокстан «Алаштың арландары» атты Республикалық ашық турнирі өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР
1785

2022 жылдың 15-18 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы №83 мектеп-гимназиясында «Көкжал» спорт клубтары бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алаш арыстарын» еске алу мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы «Алаштың арландары» атты Республикалық ашық турнирі өтеді.



Турнирдің мақсаты жас спортшылар мен спорт сүйер қауым арасында еліміздің тәуелсіздік тарихын, «Алаш арыстарының» отанымыздың алдындағы еңбектерін насихаттау, бүгінгі жетістіктерімізді баянды ету жолында еліміздің болашақ дамуындағы елдік, отандық мұраттар мен қасиеттерді жастарымыздың бойына сіңіру, жастарды отансүйгіштік пен салауатты өмір сүру салтына шақыру болып табылады. Турнирге 2007-2012 жылдары туған жастар мен жасөспірімдер арасында өтеді. 

Турнирге еліміздің барлық облыстарымен қатар Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларының спорт клубтары қатысады.

Өтетін орын: Астана қаласы, №83 мектеп-гимназия, Байтұрсынов көшесі 35
Өтетін күні: 15-18 желтоқсан 2019 жыл.

Басталуы: 16 желтоқсан сағат 11:00-де жарыстың ресми ашылуы. 18 желтоқсан сағат 14:00-де турнир жеңімпаздарын марапаттау, жабылуы.

Байланыс: +77751013001, ватсап: +77071444701, 87784171720.
Электронды мекен-жай: ar-dak@inbox.ru

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова ескі көйлектерін сатып жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

40 жастағы Вишваш Кумар Рамеш Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалды. Бұл туралы қазір үндістандық БА...