БҚО-да ер адам алимент төлемеу үшін азаматтығын ауыстырып жіберген

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2032

Батыс Қазақстан облысында әке балаларына алимент төлемеу үшін төлқұжатының деректерін өзгертіп, Ресей азаматтығын алған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, 48 жастағы ер адамға алимент төлемегені үшін іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның Ресейде тегі мен әкесінің атын өзгерткені, содан кейін Ресей паспорты мен азаматтығын алғаны анықталды.

Мәліметтерді алмастыру арқылы ер адам Қазақстан шекарасын бірнеше рет кесіп өтіп, құқық қорғау органдары мен шекара қызметтерін жаңылыстырған.

"Қос азаматтық фактісі расталып, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот тәртіп бұзушыға 540 мың теңге айыппұл салды", –  делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ департамент 2024 жылы қос азаматтықтың 57 фактісі анықталғанын, полиция мұндай заңбұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...