“Қазақ еліне алғыс айтамын": финалға шыққан Нұрбек Оралбай жекпе-жектен соң сұхбат берді

Ұлттық олимпиада комитеті

ЖАҢАЛЫҚТАР
2511

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алғаннан кейін сұхбат беріп, қазақ еліне алғыс айтты. Бұл туралы "Хабар" арнасына берген сұхбатында айтты. 

"Қазақ еліне үлкен рақмет айтамын. Аллаға шүкір, мұнымен тоқтамаймыз. Ағайларымыздың айтуымен, тактикасымен бәрі ойдағыдай өтті. Қарсыласымды білесіздер, осал емес. Бірінші жекпе-жегінде қазақ бауырымыз Тоқтарбекті ұтты. Маған жанкүйер болған қазақ еліне алғысымды білдіремін, мұнымен босамаймыз. Рақмет", - деді жекпе-жегінен кейін отандық боксшы. Айта кетейік, бұған дейін Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына шыққанын хабарлаған едік. Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасының боксшысы Кристиан Хавьер Пиналеспен кездесті. 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (3:2).

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...